KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Күрес түрлері Олимпиада бағдарламасына қайта енгізілді

8.09.2013, 18:00 197


Күрес түрлері Олимпиада бағдарламасында қалатын болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұндай шешім Буэнос-Айресте өтіп жатқан ХОК сессиясында қабылданды. Үстіміздегі жылдың ақпанында Халықаралық олимпиада комитеті күресті жазғы ойындар қатарынан алып тастап, сквош не бейсболды енгізуді жөн көрген. Бірақ Ресей, Иран, Армения сияқты осы спорт түрі жақсы дамыған елдер бұған наразылықтарын білдірді. Нәтижесінде 3 спорт түрі дауысқа салынып, 49 дауыс жинаған күрес әлемдік доданың бағдарламасында қалды. Бейсболға олимпиада комитетінің 24 мүшесі, ал сквошқа 22-сі дауыс берген.

Сонымен күрес түрлері 2020 және 2024 жылдары өтетін жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. Оның ержелері қарапайым адамдарға да өте түсінікті болмақ дейді ұйымдастырушылар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив