KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

35 бала мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді

25.08.2013, 18:00 248


Семейдегі Достық үйінде «Жанұя» Қоғамдық Қоры мен «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Діни басқарма», православиялық шіркеу, «СемМаш» зауыты және жеке кәсіпкерлердің қолдауымен «Мектепке жол» акциясы өтті. Акция барысында 35 бала мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмек көрсету, қайырымдылық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау. Акция балалардың әлеуметтік жағдайға байланысты мектепке келмей қалудың алдын алу үшін бағытталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив