KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 86 адам кайтыс болды

13.08.2013, 18:00 200


Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 799 жол-көлік апаты тіркелді. Қайғылы оқиғалардың салдарынан 86 адам қаза болып, 1028 адам жарақаттанды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол басқармасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жол апатының 54 пайызға артқанын, ал жарақат алушылардың саны 58 пайызға өскенін көрсетеді. Дегенмен жолдағы өлім көрсеиткіші 20 пайызға төмендегені байқалады. Жол-көлік апаттары бұрынғысынша жүргізушілер мен жолаушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтамауы болып табылады.

"Егер жолдағы бақытсыз жағдайларға талдау жүргізсек, 240 жол-көлік апаты жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруынан орын алғанын көреміз. Мас кезінде көлік басқарғандардың кінәсінен 50-ден астам апатқа жол берілген. Жолаушылар жүретін қиылыстардағы ережені бұзған 100-ден астам факті тіркелді.
Тек жолаушылардың кінәсінен болған 60-тан астам жол апаты белгілі болды. Жол-көлік апаттарының басым бөлігіне сағат 8 бен 19 аралығында жол берілген", дейді облыстық жол полициясы басқармасының аға инспекторы Ақгүл Аутдинова.

Жол сақшылары жол қозғалысы ережелерін сақтау жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі екенін ескертеді.Бұл ережелерден сәл ғана ауытқу орны толмас қайғыға әкеп соғады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив