KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Көлік апаттары Шығыс Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда екі есе артып отыр

3.06.2013, 18:00 163


Шығыс Қазақстан облысында 5 айдың ішінде 489 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 54 адам қайтыс болды, 630 адам әртүрлі жарақат алған. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда көлік апаттары 5303 пайызға артқан. Ал жарақат алушылардың саны екі есе көбейіп отыр , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасының мәліметтері бойынша, жол-көлік апаттарының сараптамасы жолдағы бақытсыз оқиғалардың басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруынан болатынын көрсеткен.

146 жағдайда жылдамдықты сақтамаған жүргізушілердің кесірінен 21 адам көз жұмып, 198 адам жарақаттанды. Басып озу тәртібін бұзған жүргізушілер 30 апатқа жол берген. 65 жол-көлік апаты жаяу жүргінші өтетін жерде тіркелді. Қарсы жолаққа шығып кетіп. көлік апатына ұшырағандар саны -55, онда 16 адам қаза болып, 93 адам жарақаттанған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив