KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Зырян мен Серебрянка қалалары кешенді даму жолына түскен

13.08.2013, 18:00 160


Ағымдағы жылдың басында Зырян, Серебрянка моноқалаларын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру басталды. Осыған орай 7 айдың ішінде біршама шаруалар тындырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Л. Макарованың берген мәліміттері бойынша, ағымдағы жылы бюджеттік қаражат шаһардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жолданды. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2013 жылы 347,4 млн.теңгені құрады. 1 тамызда бөлінген қаражат 124,4 млн.теңге.

Зырян қаласының Ленин, Стахановская, Позднякова, Солнечная көшелерінің жол төсемдері ағымдағы жөндеуден өткізілді. Киров көшесінің жол төсемін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар жылу жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізу, су құбырының ішкі тоқсандық жүйелерін жөндеу, Бульвар Бурнашов көшесін жарықтандыру, Шолохов және Абай көшелеріндегі қоқыстарды шығару сияқты жұмыстар қолға алынды.

Серебрянск қаласын дамытуға 2013 жылға бөлінген қаражаттардың жалпы сомасы 92,7 млн.теңгені құрады.
Серебрянск қаласының жылу жүйесін қайта жаңғырту бойынша ,орталық қазандықтың жылу жүйесін ағымдағы жөндеу, сумен жабдықтау жүйесінің жеке жер телімдерін ағымдағы жөндеу, Веденеев көшесі бойынша иесіз нысандарды жою, көшелерді, қоғамдық орындар мен ескеркіштерді абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды іске асыру өзі нәтижелерін бергені байқалады. Бөлінген қаражаттар шегінде көшелердің төсемдері жөнделіп, сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелерін, қазандық жабдықтары мен ғимараттарды жөндеу басталды.

Шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін іс-шаралар қаралды. Олар шағын бизнеспен айналысатын 30 нысанды енгізуге, 180 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті дамытуға шағын несиелер беріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив