KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 8 м/с, З
479.38 531.63 5.27

Ертіс өзенін Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары бірлесіп зерттеуді жоспарлап отыр

12.08.2013, 18:00 136


Ертіс өзенін Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары бірлесіп зерттеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты биология кафедрасы мен биоценология және экологиялық зерттеулер орталығының, Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің ғалымдары өзен суының абиотикалық және биотикалық құрамын зерттеу бойынша ауқымды жұмыстарды ұйымдастыруды бастап кетті.

Омбы мемлекеттік университеті бейорганикалық химия кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Сергей Соловьевтің айтуынша, Ертіс өзенінің болашақтағы шаруашылық қызметіне баға берудің негізі болатын жануарлар әлемінің кадастры құрылмақ.

Сонымен қатар,осы кадастр негізінде ерекше қорғалатын аумақтар туралы сипаттама әзірленбек.

Аталған екі жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттерінен жасақталған команда трансшекаралық өзенді тиімді пайдалану жөнінде өз ұсыныстарын дайындайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив