KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Өскемен қаласында бүгін 150 мөшек қоқыс жиналды

pixabay.com

14.09.2024, 21:00 96 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысындағы экопатрульдер өз жұмысын жалғастыруда.

Аймақта «Экологиялық патруль» жобасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының тиімділігін арттыру, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жоба аясында еріктілер азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп, қаладағы ластанған жерлер мен қоқыс шашылған орындарды анықтап, сенбіліктер өткізуде.

– Бүгін қаладағы Жақыпбек Молдабаев ескерткішінен басталған экотур Пристаньға дейін жалғасты. Сенбілік барысында жоба қатысушыларына экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған оқыту семинары өткізіліп, қаланың түрлі аймақтары қоқыстан тазартылды, – деп хабарлады Өскемен қаласының әкімдігі.


Нәтижесінде 150 мөшектен астам қоқыс шығарылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив