Қазақстан алғаш рет Халықаралық қызмет көрсету саудасы көрмесіне қатысуда
t.me/sauda_inform
12 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында Халықаралық қызмет көрсету саудасы көрмесі (CIFTIS) басталды.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі ақпаратына сүйенсек, Қытайдағы халықаралық сауда қызметі көрмесінде Қазақстанның ұлттық стенд ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация Бейжің қаласында өткен сауда қызметі бойынша жаһандық саммитке және CIFTIS көрмесіне қатысты.
Саммитке қатысушылар халықаралық ынтымақтастық және әлемдік экономиканың өсу мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. ДСҰ статистикасына сәйкес, әлемдік қызмет көрсету экспорты 2013-2023 жылдар аралығында орта есеппен 4,9%-ға өсті, бұл тауарлар экспортының өсу қарқынынан шамамен 2 есе артық.
Осы саммит аясында әлемнің 13 елінен 85-тен астам мемлекет пен халықаралық ұйымдар стендтерді ұсынды.
Көрме 12 негізгі саланы қамтыған. Оның ішінде қаржы қызметтері, туристік және ойын-сауық қызметтері, денсаулық сақтау, білім беру және т.б.