2014 жылы Шығыс Қазақстан облысында тағы үш жабық спорт кешені салынатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен келесі жылы үш жабық спорт кешенін салу жөнінде келісімге қол жеткізілгенін атап өтті.
Бұған дейін мұндай спорт нысандары Үржар, Көкпекті және Күршім аудандарында салынған еді.
Келер жылы спорттық кешендерді Катонқарағай, Бесқарағай және Тарбағатай аудандарында салу көзделіп отыр.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz