KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

pexels.com

2.11.2024, 23:00 285 Назерке Каримова

ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қысқы кезеңде шиналары ауыспаған көлікпен жүруге тыйым салынаған ескертеді.

Жаздық дөңгелектерін қысқыға ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Кеден одағының 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) пайдалануға тыйым салынған, - деп хабарлайды ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы. - Қысқы шиналар көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылуы және белгілерімен таңбалануы тиіс (оның ішінде үш шыңы мен қар ұшқыны бар тау шыңы түрінде, сондай-ақ "М+S", "MS", "M S").


Жазғы шинамен қыста жүрген автокөлік иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу