Шығыс Қазақстан облысында шенеуніктердің қызметіндегі ауыс-күйіс жалғасуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Бұрын облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Айтқазы Шерубаев облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығының орынтағына бекіді. Сондай-ақ, бұрынғы Ұлан ауданының әкімі Серік Төленбергенов облыстық құрылыс басқармасының бастығы, Бесқарағай ауданына бұрын басшылық еткен Қалихан Байғонысов облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Ал ауыс-түйіске ұшырамаған өзге аудан-қалалардың әкімдері, басқармалар басшылары бұрынғы қызметтерінде қалды. Курчатов қаласының бұрынғы әкімі Александр Генрих пен Катонқарағай ауданының бұрынғы әкімі Арман Бекбосынов алдағы уақытта лайықты қызметтерге бекітілмек.