KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

ШҚО-ның Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды

11.05.2018, 05:21 220

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Көкпекті ауданы әкімі қызметіне Асхат Сайдахметұлы Смаилов тағайындалды. Ол бұған дейін Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков таныстырды.


Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл Кесік ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірді.


Еңбек жолын 1994 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістер түсуін болжау және экономикалық талдау бөлімінің аға экономисінен бастаған. Кейін Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бюджет бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.


2002-2005 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің, кейін аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы болды. Екі жыл Тарбағатай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы лауазымында қызмет етті.


2009 жылдың желтоқсанында Көкжыра ауылдық округінің әкімі міндетіне тағайындалды. Соңғы 8 жылда Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


Осыдан бір ай бұрын бұрынғы әкім Рамиль Сағандықов ШҚО ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалуына байланысты аудан әкімінің орны бос тұрған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив