KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,3 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

IV халықаралық «Шығыс шынары-2013» атты дәстүрлі халықаралық мүшәйра өтеді

26.06.2013, 18:00 137


Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігі Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып, 2013 жылдың 29-30 тамыз күндері IV халықаралық «Шығыс шынары -2013» атты дәстүрлі халықаралық мүшәйрасын өткізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстанның «жауһары» атанған кенді Алтайдың келбетін, өндірістің ордасы болған Шығыс Қазақстанды дәріптеу мақсатында өткізілетін мүшәйра биыл бес тақырыпты қамтитын болады. Олар: Астананың 15 жылдығы, атақты әнші Әміре Қашаубаевтың 125 жылдығы, Халық Қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсеновтың 95 жылдық мерейтойы, көрнекті жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы мен Шығыс Қазақстан мен Өскемен туралы жыр жолдары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл бас бәйгеге 1 200 000 теңге байланып отыр. Бірінші орынға 800 000 теңге, 600 000 теңгеден 2 екінші орын, 400 000 теңгеден 3 үшінші орын тағайындалған. Бұдан басқа бірнеше арнаулы және ынталандыру жүлделері де бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив