Зайсандағы шекара бекетіне Қасым Қайсеновтың есімін беру ұсынылды
Зайсан ауданындағы шекара бекетіне Қасым Қайсеновтың есімін беру ұсынылды. Бұл ұсынысты премьер-министрдің атына мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюс сайтына сілтеме көрсетіп.
Депутат Батыр Қасымның өмірбаянына аз-кем тоқталып, Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігін баян етті.
– Қасым Қайсенов – «Ұлы Отан соғысының» батыры, Халық қаһарманы, партизан, жазушы. 1918 жылы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында туған. 1995 жылы Президент жарлығымен оған «Халық қаһарманы» атағы берілген. Биыл батырдың 100 жылдығы. Соның құрметіне шегара бекетін Қасым Қайсеновтың есімімен атауды қарастыруыңызды сұраймын, – деді депутат.