Өскемен қаласында 30-тамызда "Шығыс шынары" мүшәйрасы өтеді. Биылғы «Шығыс шынары» Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына арналмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдын Қиқымов түсіндіргендей, қазір байқауға қатысушылар да, әділқазылар алқасының мүшелері де толық анықталып болған. Енді тамыз айының соңында жыр құмар қауым осы мүшәйраны тамашалап, жыр әлеміндегі жаңа есімдермен танысады.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz