KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Өскемен көшелерінде жаңа бағдаршамдар орнатылып жатыр

13.06.2013, 18:00 48


Өскеменде кері санайтын заманауи таймермен жабдықталған бағдаршамдар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Енді көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жүріп-тоқтауға қанша уақыт қалғанын дәлме-дәл білетін болады. «Бұл өз кезегінде көптеген жол-көлік апатының алдын алуға мүмкіндік береді» дейді мамандар.

Қазір шаһар көшелеріндегі жарық диодты бірқатар бағдаршамды жаңа таймермен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Спорт сарайының маңайында кері санайтын таймерлі 6 бағдаршам орнатылған.

Сонымен қатар, Жібек маталар комбинаты ықшамауданы мен Меновное кентінің арасын жалғаған жолдың бойында 10, жаңа мешіттің тұсында 4 осындай бағдаршам пайда болмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив