KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, ОШ
441.58 480 4.86

Өскеменде жаңа бағдаршамдар орнатылады

13.05.2018, 11:16 170

Өскеменде осы жылы үш көше қиылысына бағдаршамдар орнатылады. Ол жерлердегі қозғалыс тек жол белгісімен ғана реттелетін. Сондай-ақ, тағы үш көшенің қиылысындағы ескі бағдаршамдар ауыстырылады.


Бажов-Металлургтер көшесінің қиылысына электронды реттеуші орнатылып қойды. Мұндай реттеушілер жақын арада Бажов және Пограничная көшелерінің, сонымен қатар, Гагарин бульвары мен Грузинская көшесінің қиылысында да пайда болмақ.


ШҚО Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сергей Коваленконың берген ақпаратына сүйенсек, тағы үш көшенің қиылысындағы ескі бағдаршамдар кері уақыт санағы бар жаңаларымен ауыстырылады. Атап айтқанда, Ворошилов-Гоголь, Ворошилов-Белинский, Бажов-Гоголь көшелерінің қиылысында.


-Осылайша, Өскеменде Айналма жол мен Меновное қиылысының екі жағында ғана ескі бағдаршамдар қалады. Осы жылы оларды жаңартуға қаражат бөлінбеді, - дейді Сергей Коваленко.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив