KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Глубокоелік оқушылардың демалысын "Қазақмыс" корпорациясы қаржыландырып отыр

11.06.2013, 18:00 187


Глубокое ауданы Верх-Березовка ауылындағы Березовка байыту фабрикасының кәсіподақ комитеті орта мектептің үздік он оқушысына тегін жолдамалар тапсырды. Олар енді Астана қаласына барып, мәдени, тарихи орындарын тамашалап қайтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, мыс-химия комбинатының басшылығы Усть-Таловка кентіндегі И.Астафьев атындағы орта мектептің он екі үздік оқушысын ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Олардың арасында ХVІІ облыстық пәндер олимпиадасының жеңімпаздары мен қатысушылары, оқу озаттары мен спортшылар бар.

«Қазақмыс» корпорациясы осы кентте балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізулеріне қолайлы жағдай жасауда. Спорт кешенін қайта жарақтандырып, іске қосты. Қазіргі уақытта мұнда спорттың 11 түрінен 24 секция жұмыс істейді.

Балалар жасанды жамылғы төселген футбол алаңындағы жарыстарға қатысуда.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив