KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Бозанбай ауылының енді өз стадионы бар

6.10.2013, 18:00 115


Ұлан ауданы Бозанбай ауылында барлық заманауи талаптарға сай келетін 310 орындық жаңа стадион қолданысқа берілді. Стадион жасанды жамылғы төселген үлкен футбол алаңымен бірге волейбол, баскетбол, теннис алаңдарымен, жүгіру жолымен жабдықталған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бозанбай ауылының енді өз стадионы барСтадионның ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жас ұрпақты спортқа баулудағы, ауданның спортын дамытудағы аталмыш нысанның атқарар рөліне тоқталды. Спортсүйер бозан-
байлық жеткіншектерге спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Аудан спортының дамуына қомақты үлес қосқан бір топ азаматтарды Қазақ футболының 100 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарымен бірге Восточное ауылындағы орта мектептің және Қайсенов кентіндегі Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің оқушы қыздарынан құралған футбол командаларының ойынын тамашалады.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив