KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Шайжүнісовті еске алуға арналған облыстық турнир мәресіне жетті

2.06.2013, 18:00 268


Өскемендег шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Жақия Шайжүнісовті еске алуға арналған облыстық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Екі күнге созылған жарысқа Өскемен мен Семей, Риддер қалаларынан, Аягөз, Ұлан, Тарбағатай, Глубокое, Шемонайха және басқа аудандардан жүзден астам спортшы қатысты. Олардың арасында мектеп жасындағы балалар мен егде адамдар да болды.

"Жалпы, облыс орталығында мұндай интеллектуалдық ойындар жарысы жылда ұйымдастырылып отыратын. Алайда, соңғы екі жылда белгілі бір себептерге байланысты турнирді өткізе алмаған едік. Енді міне, сол олқылықтың орны толтырылып отыр. Облысымыздың түкпір-түкпірінен үстел ойындарының кіл мықтылары жиналды. Алдағы уақытта Жақия Шайжүнісовті еске алуға арналған турнирдің мәртебесін республикалық дәрежеге дейін көтеруді жоспарлаудамыз", – дейді облыстық дене-шынықтыру және спорт басқармасының бөлім бастығы Бектас Серіков.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан ең жас спортшылар ұйымдастырушылар тағайындаған арнайы сыйлықтарға ие болды.

Дойбышылар турнирінде жүлдегер атанған спортшылар 4-маусымда Өскеменде жалауын көтеретін республикалық жарысқа қатысуға мүмкіндік алғанын да айта кеткен жөн.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив