Маусым айынан бастап Өскеменнен Мәскеуге тікелей ұшақ ұшады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Kazakhstan Today порталына сілтеме жасап.
Әуе қатынасын SCAT авиакомпаниясы ашқалы отыр. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, енді шығысқазақстандықтар да Ақтөбе, Орал, Актау және Шымкент қалаларының тұрғындары сияқты Ресей мен Қазақстан арасындағы тікелей қатынастың қолайлылығына көз жеткізе алмақ. Оның үстіне билет құны да қолжетімді, бар болғаны 33 000 теңге. Алғашқы рейс 31-мамырда қатынайды.
Мәлімет көзі: Altaynews.kz