KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Шығыс ауылының тұрғындары қарыздарын алып тастауды талап етуде

22.05.2013, 18:00 71


Шығыс Қазақстан облысындағы Шығыс ауылының тұрғындары қарыздары бар үйлерге электр қуатын қайта қосуын және «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы қарыздары туралы мәселені қайта қарастыруды талап етіп, облыстық әкімдікке келді.

Қазіргі таңда осы ауылдағы 41 үйдің электр қуаты үшін қарызы 300 мың теңгеден астам соманы құрайды. Ол үйлерге қарызын өтемеген жағдайда электр қуатының қиылып тасталуы мүмкін екені алдын-ала бірнеше мәрте айтылған болатын.

Дегенмен, 22 мамыр күні «Шығысэнерготрейд» ЖШС тізімі бойынша ШҚ АЭК қарызы бар 170 үйдің электр қуатын «қиып» тастаған екен. Жалпы қарыз көлемі 46 млн теңгені құрап отыр.

Электр қуатынсыз қалған тұрғындар бұған реніш білдіріп, жиналыс ұйымдастырады. Бұл шараға Өскемен қалалық әкімдігінің өкілдері де белсене қатысқан. Тұрғындар облыс әкімінің қатысуын талап етіп, 100 шақты адам облыстық әкімдікке бет алды.

Құқық қорғау органдары адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тиісті шара қабылдады.

Ауыл тұрғындарымен кездесу үшін облыс әкімі Б.Сапарбаев, облыс прокуроры, облыстық және қалалық құрылымдар басшылары, бақылау және құқық қорғау органдарының басшылары барды.

Тұрғындар ауылға оралып, мектеп ғимаратында кездесу ұйымдастырылған болатын. Тұрғындар өз қарыздары бюджеттік қаражат тарапынан төленеді деп үміттенуде. Өз қалталарынан өтеуге онша қаражаттары жоқ.

Бірақ, сонымен қатар, бюджет тарапынан 2011-2012 жылдары Шығыс ауылының электр қуаты үшін қарызын өтеуге 78 млн теңгеден астам сома төленген.

Тұрғындардың барлық сұрақтары тіркеліп, қарауға алынды. Электр қуаты қайта беріле бастады. Ауылда орын алып отырған мәселелер бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив