KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскемендегі трамвай паркін электр қуатынан ажыратып тастауы мүмкін

14.08.2017, 11:25 278

«Шығысэнерготрейд» ЖШС Өскемендегі трамвай паркін электр қуатынан ажыратпақ. Кәсіпорынның электр қуаты үшін қарызы 62 млн теңгеге жетіпті. Қазір іс сотқа тапсырылып отыр. Одан нәтиже шықпаса, қалада трамвай қозғалысы тоқтауы мүмкін.


Электр қуатымен жабдықтаушы компания бұл әрекетін тұтынылған энергия ақысын «қасақана төлемеушілермен» күрес аясындағы шара деп түсіндіруде. Мекемеге қарыздар нысандар арасында қаладағы ірі кәсіпорындардың да болуы шынымен алаңдауға тұрарлық жайт. «Өскемен трамвай паркі» ЖШС 2016 жылдан бері тұтынылған электр қуатының ақысын жүйелі түрде төлемеген. Соның салдарынан тамыз айындағы қарыз көлемі 62 млн теңгеге жетіп отыр. Қызмет ұсынушы тарап заңға сәйкес әрекет ету мақсатында, сотқа трамвай паркінен 59 теңге өндіріп алу туралы талап қойыпты. Одан нәтиже болмаған жағдайда кәсіпорынға электр қуатын беру тоқтатылмақ. Бұл өз кезегінде қаладағы трамвай қозғалысының үзілуіне әкеп соқтырады. Осы тәуекел жөнінде Өскемен қалалық әкімдігі мен облыстық төтенше жағдайлар департаментіне де ескертіліпті. «Шығысэнерготрейд» ЖШС мұндай біржақты әрекетке мәжбүрліктен баратындарын мәлімдеп отыр. Трамвай паркі электр қуатын әрі қарай да ақысыз тұтынуды жалғастырса, «Шығысэнерготрейд» мекемесінің электр энергиясын өндіруші және жеткізуші компаниялар алдындағы өз қарызы көбеюі мүмкін.


«Борышкердің электр энергиясын ары қарай тұтынуы қарыздың артуына әкеліп соғады. Бұл өз кезегінде «Шығыс энерготрейд» ЖШС-нің энергия өндіруші және эенргия жеткізуші компаниялардың алдындағы кредиторлық берешегінің өсуіне және олардың тарапынан бүкіл облыс бойынша электр энергиясына шектеу енгізілуіне әкеліп соғады» - делінген компания таратқан ақпаратта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив