Өскемен қаласында Алтай және Қытай Халық Республикасы СУАР Тарбағатай округының ауыл шаруашылық және техника жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.
Қытай делегациясының құрамында фермерлер, кәсіпкерлер және бизнесмендер болды.
Қытай және шығысқазақстандық өнерпаздардың күшімен қойылған концерттік бағдарлама, ән-күй мен мың бұралғаен билер жәрмеңкенің ажарын аша түсті.
«Бұл ешқандай аудармасыз-ақ бір-біріңді түсінетін сәт. Біз экономистер цифрлар тілімен сөйлесеміз. Ал сандар бізге шығысқазақстандықтар үшін қытайлармен сауда-саттық жасау тиімді екенін көрсетеді», дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Оксана Желякова.
Көрші мемлекеттің делегациясы алдағы уақытта тағы да Шығыс жерінде кездесуге ықыласты екендерін білдірді. Олар келесі жәрмеңкеде қонақжай шығыстықтарға қолжетімді бағамен өнімдер әкелуге және қызықты концерттік бағдарлама ұсынуға уәде берді.