KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

ШҚ облысының ЖОО мен колледждері «Студенттік көктем -2013» Арбат фестивалінде өз білім ордаларын паш етті (+сурет)

3.05.2013, 18:00 160


Шығыс Қазақстан облысының барлық жоғары білім беру мекемелері мен колледждері «Студенттік көктем-2013» Арбат фестивалінде өз білім ордаларын паш етті.

Әрбір білім ошағы өзінің жетістіктерін көрсету жағынан белсенді жұмыс атқарды. Жалпы алғанда, білім нарығындағы бәсекелестктің жоғары екенін байқадық. Болашақ мектеп түлектерінің таңдауы мол сынды.

Жиналған жастарға қызмет көрсету, құрылыс, техника, басқару саласы сынды түрлі мамандықтар бойынша тұсаукесерлер жүргізіліп, ең бастысы осы мамандықтардың болашақтағы қоғамға қажеттілігі туралы айтылды.

Бір байқағанымыз оқу орындары көп салалы екен. Мысалы құрылыс колледжі солай аталғанмен, құрылысшыларды ғана емес, жүргізушілер мен дәнекерлеушілерді де даярлайды.

Өскемен құрылыс колледжі директорының орынбасары Татьяна Москаленконың айтуына қарағанда, осы оқу орнының негізінде сертификациялау орталығын ашу ойда бар. Үкіметтің сілтеуінше, маман колледжден тек диплом емес, біліктілік деңгейін растайтын құжат та алып шығуы тиіс.
ШҚ облысының  ЖОО мен колледждері «Студенттік көктем -2013» Арбат фестивалінде өз білім ордаларын паш етті (+сурет)
ШҚ облысының  ЖОО мен колледждері «Студенттік көктем -2013» Арбат фестивалінде өз білім ордаларын паш етті (+сурет)
ШҚ облысының  ЖОО мен колледждері «Студенттік көктем -2013» Арбат фестивалінде өз білім ордаларын паш етті (+сурет)
ШҚ облысының  ЖОО мен колледждері «Студенттік көктем -2013» Арбат фестивалінде өз білім ордаларын паш етті (+сурет)
"Біздің колледждің айрықша ерекшелігі сол, тәжірибе мерзімі ұзақ. Дуалды оқыту жүйесін пайдаланамыз. Студенттер жыл көлемінде ақылы тәжірибеден өтеді. Олар осы уақытта 50-80 мың теңге аралығында жалақы алады. Осының арқасында тәжірибе жинап, кейіннен жұмсқа орналасуы оңай болады. Студенттердің дені тәжірибе жинаған кәсіпорындарына жұмысқа орналасады.Оған қоса, колледж бітіргенде жеңілдікпен тағы бір қосымша біліктілік алып шығу мүмкін", -дейді Т.Москаленко.

Фестиваль аясында жоғары оқу орындары арасындағы «Студенттік көктем-2013» байқауының қорытындылары шығарылмақ.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив