KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі Арбат фестивалі мекенжайын ауыстырды

22.08.2013, 18:00 207


ШҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы және ШҚО жастар орталығы бірлесіп әр аптаның сенбі күндері Тақырыптық Арбат фестивальдерін өткізуде.

2013 жылғы 24 тамыз күні сағат 17:00-де өткізілетін Тақырыптық Арбатқа ерекше мән беріліп отыр. Себебі, бұл жаз маусымының соңғы сенбісі. Сол себепті бұл күні Арбат Амфитеатр алаңында өткізіледі.

Жалпы, Арбат фестивальдері қала тұрғындарының жұмыстан бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға бағытталған. Іс-шара шеңберінде Өскемен қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына арналған қызықты конкурстар мен караоке-шоу өткізіледі. Шара соңында жастарға арналған би кеші өтеді.

Сондай-ақ, бұл күні өткізілетін Арбат барысында студенттік құрылыс маусымының аяқталуына байланысты РФ Алтай аймағынан келген халықаралық студенттік құрылыс жасақтарын шығарып салу салтанатын өткізу көзделген. Бұл құрылыс жасақтары Екі жақты мемарандум бойынша 2 ай бойы өңірдегі құрылыс нысандарында жұмыс істеген.
Іс-шараға қатысты сұрақтар туындаса, Е.Кушановқа келесі телефон бойынша хабарласуға болады: 8/7232/ 702-475

ШҚО ақпарттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив