KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Облыстың білікті хирургы көкпектілік әріптестеріне ота жасаудың қыр-сырын үйретті

23.04.2013, 18:00 225


Көкпекті ауданы орталығындағы №2 медбірлестікте облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Марат Башабаев бес науқасқа ота жасады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәскеуде, Израиль мен Кореяда тәжірибеден өткен алтын қолды хирург Марат Тыштықбайұлы жергілікті хирургтердің біліктілігін арттыру мақсатында осындай тәжірибе алмасулардың өте қажет екенін айтады.

«Халыққа тұрғылықты жерлерінде дәрігерлік қызмет көрсету өте тиімді. Олар біріншіден, ұзақ жол жүріп, шарша-
майды, екіншіден, қаражат жағынан шығынданбайды. Ал біз жергілікті мамандардың кәсіби біліктілігін жоғарылатуларына көмектесіп, жас хирург-дәрігерлер көріп, үйренсін деген ниетпен оларды ота жасауға қатыстырамыз,» – дейді хирург.

Марат Тыштықбайұлының сөзіне қарғанда, қазірде хирургияға деген көзқарас қатты өзгерген. Бұрындары үлкен хирургиялық оталар жасалса, бүгінгі күні ең аз кесу жолы қолданылады. Ол науқасқа жарақатты аз салып, оның тез жазылуына мүмкіндік береді. Облыстық аурухана мен Самардағы аурухана арасында көптен бері берік байланыс орнаған.

Өскемендік дәрігер аудандық аурухананың құрал-жабдықтармен жабдықталуы өте жоғары деңгейде деп бағалады. Хирургиялық көмекті қажет ететін науқастарды анықтап, алдын ала дайындауда да жергілікті дәрігерлер жақсы жұмыс істейді екен.

Бұл жолы білікті хирург өт жолдарында тасы бар және қан тамырлары мен тік ішек сырқаттарына шалдыққан төрт науқасқа ота жасады. Бір науқасқа шұғыл ота жасауға тура келді. Оталардың бәрі де ойдағыдай, сәтті өтті.

Эльмира Тайырқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив