KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да литвалық хирург өкпе обырына үш күрделі ота жасады

8.11.2018, 19:39 152

Литвалық хирург-дәрігер, Клайпеда университеті клиникасының торакальді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Александрас Багаевас үш шығысқазақстандыққа өкпе обырына күрделі ота жасады. Шетелдік ғалымға жерлесіміз, торакальді онколог-хирург Әділбек Баймұсанов көмекші болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Әділбек Нұрбекұлы Баймұсанов - Семей мемлекеттік медициналық университетінің түлегі, 1-ші санаттағы дәрігер-маман, облыстық онкологиялық диспансерде он жылдан бері торакальді онколог-хирург болып істейді. Жуықта Лондон қаласындағы Гайс энд Сент-Томасклиникасында үш айлық тәжірибеден өтіп келген маман.


-Бұл клиникада негізінен өкпе обырына көп көңіл бөлінеді. Біз шетелдікғалымдардан өкпе мен кеуде қуысына киын оталарды жасап үйрендік. Бүгін, міне, Еуропаның еңмықты хирургтерінің бірі Александрас Багаевасты шақырып, бірге операция жасау мүмкіндігі туды. Мақсатымыз – елімізде минимальді-инвазивті хирургияны дамыту.Операция жасалған науқастардың барлығы да екінші күні орындарынан тұрып, өздерін жақсы сезінетіндерін айтты, - дейді онкохирург Әділбек Нұрбекұлы.


Операциялар облыстық онкологиялық диспансерде ұйымдастырылған «Өкпе мен көкірек обырына жасалатын торакоскопиялық операциялар кезіндегі бейнеассистенттің көмегі» халықаралық ғылыми-практикалық шеберлік сыныбы шеңберінде жүзеге асты.


Естеріңізге ала кетейік, облыстағы онкологиялық қызмет мамандарының білімдерін жетілдірудің үш деңгейлі бағдарламасы қолға алынған болатын. Шығысқазақстандық онкологтар Еуропаның озық клиникаларында тәжірибелерін ұштап жүр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу