KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде итальяндық профессор шеберлік сыныптарын өткізеді

26.03.2018, 10:08 138

Бүгін Өскемен қаласына Италиядағы Габриэле д’Аннунцио университеті клиникасының профессоры, Миландағы «ТransEnterix» фирмасының хирург кеңесшісі Стефано Джидаро ұшып келді. Итальяндық доктор  №1 қалалық аурухананың роботтандырылған хирургия және трансплантация орталығында шеберлік сыныптарын жүргізетін болады.


-Бұл жоба тек біздің облыс үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін өте маңызды. Жоба біздің дәрігерлерге жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді әрі №1 қалалық аурухананың потенциалын көтеріп, дәрігерлерінің әртүрлі зерттеу жобаларына қатысуына жол ашады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Стефано Джидаро соңғы бірнеше апта бойы  шығысқазақстандық әріптестерімен операцияның бағдарламасын талқылап, пациенттерді іріктеп, операция бөлмесін қалай  жабдықтауды бүге-шегесіне дейін талқылапты. Шетелдік хирургке шетелде білімдерін жетілдіріп келген өзіміздің төрт жерлес хирург көмектесетін болады.


Стефано Джидароның екі мамандығы бар. Алғашқысы жалпы хирургия болса, екіншісі уролог-хирург. Профессор сегіз жыл көлемінде робототехникалық жүйені жасаған компаниямен тығыз жұмыс істеп, жаңа технологияға аса қызығушылық танытқан доктор. Соңғы екі жылда осы технологияның ауруханаларға енгізілуіне үлес қосу мақсатында Еуропа мен Еуразияның бірқатар елдерінде  тренингтер, шеберлік сыныптарын өткізіп келеді.  Роботтық хирургияға қатысты зерттеулердің сараптамасынан бастап клиникалық қолданылуына дейін тәжірибе жинақтаған ғалым.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив