KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Литвадан келген мамандар сал ауруына шалдыққан өскемендік үш балаға операция жасады

26.06.2017, 06:34 213

Облыс орталығында астаналық және Литваның хирург-ортопедтері сал ауруына шалдыққан үш балаға ота жасады. Семей қаласынан да осындай диагнозы бар екі бүлдіршінге көмек көрсетілген.


Балаларға операциялар «Мүмкіндігі шектеулі балалардың резервтері шексіз» атты жобаның шеңберінде  жасалды. Жобаның авторы - «BI Group» отандық компаниясының  «BI-Жұлдызай» корпоративті қайырымдылық қоры.  Өткен жылдан бастап қор «Ана үйі» қоғамдық қорымен бірлесіп жұмыс істеп келеді.


Шетелдік және отандық дәрігерлер келісім-шарттардың негізінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, денсаулығы нашар бүлдіршіндерді тексеріп, емдейді. Бүгін облыста 4980 ерекше балғын болса, олардың 786 сал ауруына шалдыққан. Екі күнгі тексерулер он төрт бүлдіршінге шұғыл операция жасау қажеттігін анықтапты.


Өскемен қаласында үш операцияны да астаналық хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Ағабек Чикинаев жергілікті ортопед Ержан Солтанбековпен бірлесіп, облыстық ана мен  бала орталығында жүзеге асырды. Оларға Литвадан келген медицина ғылымдарының докторы Кестутис Санюкас кеңес берді.


«Ана үйі» қоғамдық қорының  асырап алуға қолдау көрсететін орталығының өкілі Карина Марянян балалар үйінің балаларына ота жасау арқылы  дәрігерлер  ерекше балғындардың жаңа отбасы табуларына тамаша мүмкіндіктер сыйлайтынынын айтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив