KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Глубокое ауданындағы Бобровка ауылына су құбыры тартылады

21.04.2013, 18:00 172


Глубокое ауданындағы тірек ауылы қатарына енгізілген Бобровка ауылы жаңарып, көркейе түсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Биыл ауылдағы су құбыры жүйесін жаңалау үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға алты миллион теңге бөлініп, бұл істі жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауыл округі ғимараты мен тұрғындардың бос уақытын өткізу орталығын жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Солнечная ауылындағы көпірді жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Былтыр ауылды абаттандыруға бөлінген 37,5 миллион теңге игріліп, балаларға арналған төрт алаң салынды, Орталық алаңда «Достық» монументі, Бобровка ауылына кірер жолда бұғы мүсіні орнатылған. 300 түп шырша көшеттері отырғызылды. Төрт көше жарықтандырылып, жолдары жөнделді. Биыл қалған көшелерде де осындай жұмыстар қолға алынады.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауылда екі тауарлы сүт фермасы, мал сою алаңы салынып, іске қосылды. Әсет Бексұлтанов, Айдарбек Қызылов, Ирина Варина және басқалары несие алып, мал шаруашылығын дамытуға кірісті.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив