KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

21.04.2013, 18:00 278


– Мен Риддер қаласында тұрамын. Біздің қаланың моноқалаларды дамыту бағдарламасына кіргенін білеміз. Жуықта шағын қалаларда тұратын кәсіпкерлер үшін конкурстық негізде мемлекеттен гранттар беріліп жатқандығы туралы естідім. Ол конкурсқа қалай қатысуға болады?

Ерік Жоламанов
Риддер қаласы.

Сауалға Өскемендегі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» облыстық филиалының бас менеджері Мұрат Акенев
жауап береді:

– Қазіргі күні елімізде моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған бағдарламасы жү-
зеге асырылып жатқаны бел-гілі. Оған еліміз бойынша 27 қала кіріп отыр. Біздің облыстан бағдарламаға Риддер,
Зырян, Курчатов, Серебрянка қалалары енгізілген.

Биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, шағын қалаларда тұрып жатқан кәсіп-
керлерді қолдау мақсатында моно-қалалардағы кәсіп-керлерге де мемлекеттен үш млн. теңге көлемінде арнайы гранттар – қайтарымсыз қаржы беру туралы Үкіметтің қаулысы шықты.

Мемлекеттік гранттарды алу үшін кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын қалалық әкімдікке апарып, ұсынуы керек. Конкурсқа кәсіпкерлігін жаңа бастаған (бір жылдан кем емес) кәсіпкерлер ғана қатыса алады. Конкурс талаптарын жергілікті әкімдіктен алуға болады. Жоба көрсетілген талаптарға сай болса, конкурсқа қатыстыру үшін комиссия қарауына жіберіледі. Өтінімдер жыл бойы қабылданады. Нақты ақпараттарды жергілікті қалалық әкімдіктен алуға болады немесе Өскемендегі қор филиалының мамандарына хабарласуыңызға болады. Тел: 8(7232) 26-38-76.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив