KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Қызыл Ай Қоғамы су тасқыны кезінде зардап шеккендерге қаржы жинау жөнінде бастама көтерді

1.04.2013, 18:00 158


Алматыда Қазақстанның «KyzylAiKZ» Қызыл Ай Қоғамының өкілдері Қазақстан аумағында басталған су тасқындары кезінде зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында жеке тұлғалардан жәрдем қаржы жинау жөнінде бастама көтерді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

KyzylAiKZ – төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсететін еліміздегі жалғыз қоғамдық ұйым.

«Қызыл Ай Қоғамы көмек көрсетудің осындай түрімен кәсіби түрде айналысады, біздің қызмет тарихымыз өте бай, сондай-ақ, жоғары білікті және, ең бастысы, өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын қызметкерлеріміз жұмыс жасайды, - дейді KyzylAiKZ президенті Еркебек Арғымбаев. - Төтенше жағдай орын ала қалған кезде жергілікті билік ретсіз және жүйесіз әрекет етіп, көптеген қателерге жол береді. Олар алтын уақытын жоғалтып жатады, ал төтенше жағдайларға тап болған халық үшін әрбір сағат қымбат!»

Қызыл Ай Қоғамы жиналған қаржыға азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек пен көрпелердің жеткілікті қорын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. KyzylAiKZ өкілдерінің сөзінше, елімізге сырттан келетін шетелдік қаржы көлемі жылдан-жылға азайып барады, себебі әлемдік қауымдастық бұрыннан Қазақстанды экономикалық жағынан табысты мемлекет ретінде қабылдайды.


KyzylAi.kz көтерген бастаманы myth.kz (Миф.кз) авторлары, Crystal Spring ІТ мамандары тобы да қолдап отыр: қазірдің өзінде қаржы порталының «Қайырымдылық» бөлімінде интернет арқылы төлем жүргізу мүмкіндігі бар кез келген қазақстандық банктің картасынан ҚР Қызыл айға көмек ретінде ақша аудара алады. KyzylAi.kz myth.kz пайдаланушыларына қанша қаражат түскенін және ол қандай мақсаттарға жұмсалғаны туралы ұдайы хабарлап отырмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив