KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 1 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Біріккен Араб Әмірлігінің Қызыл Жарты ай қоғамының делегациясы ұландық 80 отбасына гуманитарлық көмек көрсетті

4.02.2013, 18:00 151


Ұлан ауданына аз қамтылған отбасыларға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Біріккен Араб Әмірлігінен Қызыл Жарты Ай қоғамының делегациясы келді , деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Делегецияны Республикалық Қызыл Жарты Ай Төтенше жағдай бөлімінің бастығы Н. Панзабеков және ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамының төрағасы О. Жетпісбаева алып жүрді.

Қызыл Жарты Ай қоғамының директорының орынбасары Мансур Сайд АлазиАламери, координаторлары ЛоайСирадж, АсимФадльМохамедті аудан әкімі С. Т. Төленбергенов қарсы алды.

Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің акт залында ұйымдастырылған кездесу барысында, Қызыл Жарты Ай қоғамы жайлы көркем фильм көрсетілді. Қонақтарға «Бескөл» халықтық фольклорлық ансамблінің орындауында қазақ және араб тілдерінде әндер айтылды, қыздар қазақтың ұлттық биін нақышына келтіріп биледі.

Біріккен Араб Әмірлігінің  Қызыл Жарты ай қоғамының делегациясы ұландық 80 отбасына гуманитарлық көмек көрсетті
Кездесу соңында Біріккен Араб Әмірлігінің Қызыл Жарты Ай қоғамы ауданымыздың аз қамтылған 80 отбасына өз сыйлықтарын табыс етті.

Осы жолы ұландықтарға азық – түлік, жылы киім, көрпе-жастық берілсе, келешекте 3 миллион теңгеге дейін адрестік әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған.

Ақпарат орталығы


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив