KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 2 м/с, СБ
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да сот қызметкерлері жедел медициналық көмек тәсілдерін үйреніп жатыр

18.01.2019, 03:22 368


Қазақстанның Қызыл Ай қоғамдық бірлестігінің қолдауымен облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта сот процесінің қатысушыларына алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныбы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сабаққа сот қызметкерлері және Полиция департаментінің айдауылшылары қатысты.


Қазақстанның Қызыл Ай қоғамы облыстық филиалының директоры Арай Әбілғалымова есінен тану, қан кету, жүрек тоқтау кезінде дәрігерлік көмек көрсетудің тәсілдерін мемлекеттік қызметкерлерге көрсетті.


Ауыр қылмыстық істерді қарауда сот процессінің қатысушыларына эмоционалдық-психологиялық қысым болатыны мәлім. Сот жасауылдары сот залында азаматтарға жиі алғашқы көмек көрсетеді, ал судья сот процесін тоқтатады.


Мастер-класс соңында сот төрағасы Бердіғали Қасенов ұжым атынан А. Әбілғалымоваға алғыс хат ұсынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу