KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште шыққан өрттен 450 адам құтқарылды

1.04.2013, 18:00 151


Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште шыққан өрттен 450 адам құтқарылды, зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Департамент таратқан ақпарат бойынша, өткен түнде «Риддер-Сокольный» кенішінде пайдаланылған ағаш бекітінділер жанып кеткен. «Өртті сөндіруге жеке құрамның 31 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 6 шаршы метр аумаққа жайылған» делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер 443 адамды құтқарып, басқа жаққа көшірді.

Айна Ескенқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив