KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Өрт салдарынан үш адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

21.02.2012, 18:00 313


Ел аумақтарында өрт салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Қостанай облысының Затобол ауылында 21 ақпан күні Павлов көшесіндегі жеке тұрғын үй жанды. Өрт 60 шаршы метр аймақты шарпыған. Оқиға орнында 25 жасар жігіт пен 42 жастағы әйел адамның мәйіттері табылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің Қостанай облысы бойынша ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 6 адамы мен 1 техника бірлігінің көмегімен сөндірілді.

Сол күні Алматы облысының Қаскелен қаласындағы Айтекеев көшесінде орналасқан 2 пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты. Жалын тілі 35 шаршы метрді шарпыды. Оны сөндіру кезінде 40 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің Алматы облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды. Сейсенбі, 21 ақпан күні Алматы қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан «Русский лес» ЖШС-нің орман материалдарын ашық сақтау қоймасы жана бастады. Тілсіз жау 800 шаршы метр жерді шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Алматы қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 46 адамы мен 13 техника бірлігі жұмылдырылды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив