KZ
Өскемен
+9°
туман жел 4 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Семей қаласында бастауыш сынып оқушылары білім додасына түсті

28.03.2013, 18:00 214


Семей қаласында бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасы өтті. Білім бәсекесінің мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін, білімін бағалау, ақыл-ой мүмкіндігін ашу, шығармашылық деңгейін жетілдіру, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалық білім бөлімінде хабарлағандай, олимпиадаға қала және қала маңындағы барлық мектептердің 4 сынып оқушылары қатысқан. 431 оқушы қазақ тілі, орыс тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану, бейнелеу өнері сияқты 6 түрлі пән бойынша білім бәсекесіне түсті. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар 1-3 орындарды иеленді.

Атап айтқанда, оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптары бойынша үздік шыққан Наргиз Мақсатова ,Дильшат Абдуахитова, Даяна Готман, Айнара Оразбекова, дүниетану пәнінен Диляра Слямғалиева, Аружан Әлкенова сынды оқушылар І орындарды иеленіп, жеңімпаз атанды.

Сабақ орыс тілінде жүретін сыныптар бойынша Тимур Кирибаев, Асанәлі Сұлтанбеков , Ксения Галигузова, Әмина Мынова, Роман Буцких , Анна Ржевская І орындарды жеңіп алды.

Олимпиада қорытындысы бойынша командалық есепте білім жағынан № 6 гимназия І орынды, № 37 гимназия ІІ орынды, ал № 7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей ІІІ орынды еншіледі.

«Қалалық олимпиаданың жеңімпаздары 2013 жылғы мамыр айында өтетін облыстық олимпиадаға жолдама алды.
Олимпиадаға қатысқан бастауыш саты оқушыларының білімдерін М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің оқытушылары саралады. Олар сонымен қатар осы білім додасының материалдарын әзірлеу мен өткізуге де ат салысты » деді қалалық білім бөлімінің әдіскері Гаухар Молдаханова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив