KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
518.57 566.59 6.05

Бүгін Өскеменде "Отырар сазы" оркестрінің концерті өтеді

instagram/otyrar.sazy

26.10.2024, 11:00 209 Назерке Каримова

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін музыка кешіне кіру тегін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен Республика күніне орай облыс орталығына "Отырар сазы" оркестрі келеді.

Кеште ұлттық музыкамыздан бөлек, әлемдік хиттер де орындалмақ.

Қазақ күй өнерінің шебері Нұрғиса Тілендиев өзі құрған мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің концерті ШҚО филармониясының көрермендер залында 26 қазан күні сағат 15.00-де өтеді.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева, сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің кавалері Жалғасбек Бегендіков дирижерлік етеді, солистер Мәдениет саласының үздігі Абай Койшыбаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Фархат Кубиев, Жұлдыз Байжұма, Толғанай Пазылақын, Нұрғалым Аманбай, Ерназар Жұбан өнер көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу