KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндерден бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасы өтеді

1.05.2013, 18:00 139


Ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру, дарынды балаларды анықтау мен дамытуға қажетті жағдайлар жасау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2013 жылдың 3 мамырында Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндерден бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Олимпиада 4 сынып оқушылары арасында 6 пән бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, әдебиет, математика, дүниетану, бейнелеу өнері) өтеді.

Білім додасына Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының мектептерінің атынан командалар қатысады. Командалар аудандық, қалалық олимпиадалар қорытындысы бойынша құралған. Команда құрамында – 6 немесе 12 адам – оқу тіліне байланысты – әр пәнге 2 адамнан және 1 жетекші бар.
Барлығы 240 оқушы білімдерін сарапқа салмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив