KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Шығыстың мәдени мұрасы тағы бір құнды жинақпен толықты

25.10.2024, 23:00 146 Назерке Каримова

Ел мен жердің тарихынан тағылым алып, өнеге өрген өлкеден аңыз ғибратын ұғынудың өзі бір ғанибет.

Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағы кітапхана қорын байытып қана қоймай, облысымыздың мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға мол үлес қосады.

Жинақта Шығыс Қазақстанның өзен-көл, тау аталауларының шығу тарихы туралы топонимикалық аңыздар, киелі орындар мен тарихи тұлғалар жайлы аңыздар, ертеде өлкемізде өмір сүрген ғажайып та сиқырлы кейіпкерлер жөніндегі әпсаналар енген. Әсіресе, Катонқарағай өңіріндегі жайлаудың Алтықыз атануы, Ертіс пен Үлбінің айнымас махаббаты, таудың «Алтай» аталу себебі,  Қандысу өзенінің тарихы сынды өлкемізге қатысты көптеген аңыздар кез келген оқырман үшін өте қызықты деп ойлаймыз.

Жинақтың құрастырушысы - өлкетанушы, «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерінің иегері Слямова Зиза Мұхтарханқызы Шығыс Қазақстанның тарихи мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеп, сақтаумен айналысып келеді.

Жинақ үш тілде жарық көрді. Бұл ішкі-сыртқы туризмнің дамуына оң әсерін тигізіп, ақпаратқа деген қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу