KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 2 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Облыс орталығында алғашқы су басу қаупі тіркелді

3.03.2013, 18:00 161


Облыс орталығында алғашқы су басу қаупі тіркелді. Күн райының күрт жылынуынан еріген қар суы Красина кентінің тұрғындарының аулаларына жетіп қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында ауа температурасының жоғарылауына байланысты көшедегі үйілген қарлар ери бастады. Соның кесірінен Красина кентіндегі жеке меншік үйлердің аулаларын су басу қаупі төнді. Облыстың құтқарушыларының берген мәліметтері бойынша, төтенше жағдай мамандары «Өскемен-Тәртіп» және «Өскемен-Спецкоммунтранс» кәсіпорындарымен бірлесеіп, кенттің Юго-Восточная, Черяховский, Полтава көшелерін қар үйінділерінен тазалады.

Синоптиктердің айтуынша, таяудағы 3-4 күнде облыста сынап бағанасы 0-ден жоғарыға көтеріледі. Осының кесірінен су басу қаупі де сақталады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив