Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында температураның жоғарылауы мен қардың көп мөлшерде жаууына байланысты 22-25 ақпан аралығында қар көшкіні жүру қаупі жоғары, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап.
«Қазселденқорғау» мекемесінің ақпараты бойынша ШҚО ТЖД Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында температураның жоғарылауы мен қардың көп мөлшерде жаууына байланысты 2013 жылдың 22-25 ақпаны аралығында қар көшкіні қаупі бар екенін ескертеді.
Құрметті азаматтар!
Таулы аймақтарда абай болыңыздар. Қала сыртына шығуды шектеңіздер» делінген хабарламада.