KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Семейде 22-26 сәуір мен 23-24 мамыр аралығында мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында футбол турнирі өтеді

20.02.2013, 18:00 210


Семейде 22-26 сәуір мен 23-24 мамыр аралығында мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында футбол турнирін өткізу жоспарланып отыр. Оған қала басшылығы демеушілік көрсетеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Семей қаласының әкімі қоғам дамуын ақпараттық қолдау қорының директоры, «Special Olympics» жобасының үйлестірушісі Ольга Свириденко бастаған қоғамдық топты қабылдады. Аталған жобаның өкілдері әкімге мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында спорттық жарыстар өткізу жөнінде ұсыныспен келіпті.

Қала әкімі ұсынысты қабыл алып, Семейде 22-26 сәуір мен 23-24 мамыр аралығында мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында футбол турнирін өткізуге барынша қолдау жасайтындығын айтты. Осы отырыста алдағы жарыстарды ұйымдастыру мәселесі мен бірқатар сұрақтар талқыланды. Сөйтіп, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін тағы бір спорттық бәсеке жалауы желбірейтін болды.

Қала басшылығы осы жарысқа қатысатын балаларға сый-сияпат жасауда демеушілік көрсетеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив