KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Пойыз билетінің бағасы қаншаға қымбаттады?

19.02.2013, 18:00 333


Елімізде пойыз билеттерінің бағасы қымбаттап кеткені туралы айтылып
жатыр. Өскеменнен Алматыға, Астанаға қатынайтын пойыз билеттерінің бағасы қазір қанша теңге болды ?

Бақыт Бекжанқызы
Күршім ауданы.

Сауалға «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі жауап береді:

– Биылғы 7-қаңтардан бастап елімізде пойыз билеттерінің бағасы 12 пайызға қымбаттады. Жаңа тариф және мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялар компанияның жолаушы тасымалдайтын вагондарын күрделі жөндеуден өткізуіне мүмкіндік беріп, қызмет сапасын жақсартуға ықпал етпек. Биыл 50 вагонға жөндеу жүргізілмек. Сондай-ақ компания алдағы уақытта 208 заманауи вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Соның 158-і арнайы «Тұлпар Тальго» жүрдек пойызына сатылып алынбақ.

Қазіргі күні «Защита – Алматы-2» бағытындағы плацкарт вагондар билеті (коммерциялық емес кассаларда) – 2800, купелік вагондар – 4200 теңге мөлшерінде тұрады.

«Астана – Лениногор» бағыты бойынша плацкарт вагоны – 3061 теңге, купелік вагон – 4739 теңге шамасында. Осы бағыттағы пойызбен «Защита» стансасына дейінгі билет құны сәйкесінше – 2865, 4429 теңгені құрайды.

«Астана – Мәскеу» бағыты бойынша плацкарт вагоны билетінің бағасы – 28702, купелік вагондыкі – 47323 теңге тұрады.


Әзірлеген Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив