KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, С
480.63 535.13 5.27

Өскемен бағытында тұрып қалған үш жолаушы автобусы құтқарылды

13.02.2013, 18:00 206


Боран салдарынан Өскемен бағытында тұрып қалған үш жолаушы автобусы құтқарылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі «Қазақавтожол» кәсіпорнының мәліметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы боранға байланысты бүгін сағат 9.00-ден бастап «Алматы-Өскемен» жолының 977-1075 шақырымында жол жабылған болатын.

Алматы-Өскемен автожолының 993 шақырымында 18 адамы және 22 адамы бар рейістік автобустар мен 15 жеңіл автокөлігі ескертуден бұрын жолға шығып, қарлы боранның кесірінен жолда қалып қойған. ШҚО бойынша №28 жол пайдалану бөлімі аталған жолды қардан аршып, автобустардың ары қарай қозғалысын қамтамасыз етті.

Сонымен қоса, Өскемен-Семей автожолының 84 шақырымында қарда тұрып қалған 20 жолаушысы бар рейстік автобус та Шығыс Қазақстан облыстық филиалының №30 ЖПБ арнайы қар тазалау техникаларының көмегімен өз бағыттарын жалғастырды.

Осы орайда «Қазақавтожол» кәсіпорны ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалып қойған көліктерге өңірлердегі жол пайдалану бөлімдері көмек көрсете алатынын ескертеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив