KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Республикалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды

20.12.2012, 18:00 120


Алматы,Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы ресупбликалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды делінген «Қазақавтожол» кәсіпорнының баспасөз қызметі таратқан мәліметте, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Алматы облысы бойынша ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты кеше сағат 17.00-дeн бастап "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Рубеж бекеті- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы" аралығында қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынған болатын. Бүгін сағат 07.00-ден бастап жол ашылды.

Сонымен қатар кеше кешқұрым "Алматы-Ташкент-Термез" жолының 59-143 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған еді. 20 желтоқсанда сағат 20:30-дан жеңіл автокөлік қозғалысына жол ашылды.

Бұған қоса кеше боранға байланысты "Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" автожолының 107-164 шақырымындағы "Шелек-Көкпек" учаскесінде қоғамдық және жүк автокөліктері үшін қозғалыс шектелді.
Ал Жамбыл облысы бойынша бүгін сағат 05.00-ден боран салдарынан "Алматы-Ташкент-Термез" жолының 192-160 шақырымындағы "Қордай бекеті-Отар бекеті" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Бұдан бөлек Павлодар облысы өңіріндегі аязға байланысты кеше «Омбы-Майкапшағай» жолының 419-587 шақырымындағы "Павлодар - Шығыс Қазақстан облысы шекарасы" аралығында қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынған болатын. Бүгін таңертеңнен бастап жол ашық.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив