KZ
Өскемен
плотный туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Ішкі істер министрі облыстың полицейлеріне "цифрлармен «ойнағанды» доғарыңыздар" деген кеңес берді

7.02.2013, 18:00 137


Қазақстанда енді қылмысты жасырған полицейлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасына тартылатын болады. Осыған орай Заңға арнайы бап енгізілген. Аталмыш бап бойынша елімізде 23 тәртіп сақшысы сотталып та үлгерді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің кеңейтілген мәжілісінде ескертті.

– Қылмыстардың бәрін дерлік толық ашу мүмкін емес, ондай «жүз пайыздық» көрсеткіш әлемнің ешбір елінде жоқ
және болмайды да. Бірақ қылмысты толық тіркеп отырғанда ғана, оларға түбегейлі талдау жасап, күрестің амал-тәсілдерін пысықтап, нақты нәтижеге қол жеткіземіз, – деді Қалмұханбет Қасымов. – Жергілікті ішкі істер бөлімдерінің бастықтарына айтарым, цифрлармен «ойнағанды» доғарыңыздар, қылмыстарды жасыруды қою керек.

Осы орайда, заңға арнайы бап енгізіліп отыр, енді қылмысты жасырған полицейлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасына тартылатын болады. Аталмыш бап бойынша елімізде 23 тәртіп сақшысының сотталып та үлгергенін ескерткім келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив