KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Ардагерлер әкімге риза болды.

15.01.2013, 18:00 226


Үржар өңірінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің саны бүгінгі таңда 21-ге толады екен. Осы ардақты аталарымыздың екеуі 2013 жылдың қаңтарында 90 жасқа келді.

Олардың бірі -- Ақжар елді мекеніндегі Алтынқан Өміржанов, екіншісі -- Таскескен ауылындағы Алдаберген Жанабілов ақсақал.

Міне, осы адамдарды аудан әкімі Бауыржан Жанақов,аудан әкімінің орынбасары Қабдысадық Байсинов, ішкі саясат бөлімінің бастығы Сәуле Жүнісова, аудандық ардагерлер кеңесінің атынан Қ.Құрманбаева және ауыл әкімдері Б.Әбілқайырова мен А.Жүнісов мерейлі мерекелерімен құттықтады, сый-сияпаттарын жасап, аудан әкімінің Құрмет грамоталарын тапсырды.

Аудан басшылары сондай-ақ осы округте тұратын К.Чарахметов пен С.Қасенғазина сынды ардагерлердің үйлеріне де кіріп, оларды да абыз жастарымен құттықтап, иықтарына шапан жауып, бағалы сыйлықтар тапсырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив