KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Зыряндық мұғалімдер спорт алаңына жарысқа шықты

8.01.2013, 18:00 115


Зырян қаласының №11 орта мектебінің спорт залында білім беру қызметкерлерінің 40- спартакиадасы салтанатты түрде ашылды. Спартакиада спорттың 13 түрі бойынша жыл бойы өткізіліп келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ашылу рәсімінен кейін волейбол бойынша жарыстар басталып кетті, оған Зырян ауданындағы 14 білім ошағының командалары қатысты.

Осы күні өткен жылғы 39- спартакиаданың қорытындысы шығарылып, жеңімпаз командалар мен қатысушыларға құрмет көрсетілді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша спартакиадаға ауданның 21 білім беру ұйымдарынан спорттық командалар қатысты.

1-орынды Зырян ауданының білім беру бөлімі жеңіп алды, 2 - орын – Зырян қаласының №11 орта мектебінің ұжымына, 3- орын – Парыгин орта мектебінің үлесіне тиді.

Алдыңғы жүлделі алты орынға жеткен командалар құрмет грамоталары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив